Алматыда бір топ ер адам намаз оқу үшін жолды жауап тастаған (видео)
Алматыда тұрғындар намаз оқу үшін жолды жауып тастаған. Осылайша қалада кептеліс болып, жедел жәрдем көлігі өте алмай қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желіде бір топ мұсылманның жолдың қақ ортасында намаз оқып жатқаны түсірілген видео тарады. Кадрлардан бірнеше ер адамның соңында көліктер сигнал беріп, жедел жәрдем көлігі өте алмай тұрғанын байқауға болады.
Алматы полиция департаменті бұл оқиғаның бір күн бұрын қаланың Медеу ауданында болғанын хабарлады.
"Жол қауіпсіздігін үйлестіру үшін азаматтардың дабылы бойынша оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ер адамдарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды", – делінген хабарламада.
Полиция "Құқықтық тәртіп" қағидатын еске түсіріп, кез келген заңсыз әрекеттер жауапкершілікке әкеп соғатынын атап өтті.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты