
2026 жылғы 23 ақпаннан 27 ақпанға дейін Алматыда электр жабдықтарындағы ақауларды жойып, профилактикалық жұмыстар жүргізу үшін электр қуаты жоспарлы түрде өшіріледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Алатау Жарық Компаниясының” деректері бойынша, профилактикалық жұмыстар қаланың әртүрлі аудандарында 23 ақпаннан бастап күн сайын сағат 8:00 немесе 9:00-ден 17:00-ге дейін жүргізіледі.
Жұмысшылар сымдарды заттардан тазалап, желілердің бір бөлігін ауыстырып, жөндеу жұмыстарын жүргізеді.
