Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда үйінен шыққан оқушыны белгісіз біреу соққыға жықты

Алматыда белгісіз ер адам подъезде студентке шабуыл жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

бұзақы

Оқиға туралы Facebook әлеуметтік желісіне Асем Қарауылова есімді желі қолданушысы бөлісті. Оның айтуынша, барлығы 21 сәуірде Тастақ ауданындағы үйдің кіреберісінде болған.

"Бұл адам еш себепсіз ұлыма шабуыл жасады. Кіреберістен шыға сала, ол бірден мұрнынан соққы алды. Содан соң оған бірнеше жұдырық тиеді. Ұлым өзіне шабуылдаған ер адамды мүлдем танымайды. Менің болжамымша, бұл есірткі тасып жүрген нашақор болуы мүмкін. Біздің подъездіде оны ешкім білмейді.  Шабуыл жасалған сәттің видеосы бар, біз полицияға жүгіндік, арыз жаздық", - деді ол.

Желідегі жазбаның авторының айтуынша, полиция арызға "не істесеңдер, соны істеңдер" деп жауап берген дейді.

"Оны біреу танып қалуы мүмкін ғой? Бұл адам өте қауіпті, ертең ол сізге немесе сіздің балаларыңызға себепсіз шабуыл жасауы мүмкін. Жасы шамамен 25-30-тарда, бет-әлпеті еуропалық , бойы шамамен 180 см, шашы мен сақалы сарғыш, - дейді Асем Қараулова.

"Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміға тіркеліп, Алмалы аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тергеу аяқталғаннан кейін қылмыстық қудалау органынан міндетті түрде қабылданған шаралар туралы ақпараттық хабарлама келіп түседі", - деді Алматы қаласы ПД бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов.

Полиция басқармасының баспасөз қызметі күдіктінің анықталып, қамаға алынғанын мәлімдеді. 

"Алматы қалалық полиция департаменті бұл фактіні қазіргі уақытта Алмалы аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімімен аумақтық тұрғысынан тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлайды. Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ол ҚР ҚК-нің 293 бабы 1 бөлігі бойынша тіркелген. Осы қылмысты жасаған күдікті анықталып, қамауға алынды.  Бұл И.есімді азамат, 1995 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысының тумасы. Алған жарақаттардың ауырлығын анықтау үшін жәбірленушіге сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қылмыстың мотиві және басқа мән-жайлары анықталуда", - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Талқылау