Алматыда автокөлікке оқ жаудырған екі еркек ұсталды (видео)
Алматының Өжет шағын ауданында ер адам көлікке оқ жаудырды. Оның бұл әрекеті бейнекамераға түсіп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин
Алматы қалалық полиция департаменті ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлерінің екі ер адамды ұстағанын хабарлады. Күдіктілерді ұстау кезінде олардың қолынан атыс қаруы тәркіленді.
Қазір күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық істі Түрксіб аудандық полиция басқармасы тергеп жатыр. Оқиғаның мән-жайы мен тергеудің келесі қадамдары нақтыланып жатыр.
Бұған дейін TikTok желісіне тапанша мен пышақ ұстаған суреттерін жүктеген бір топ жасөспірімнің басы дауға қалған еді.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"