Алматыда ауа райының қолайсыздығынан 7 көлікті ағаш басып қалды
Алматыда кеше кешкі уақыттан бастап жауған жаңбырдың соңы қарға ұласты. Салдарынан ери жауған қарды көтере алмаған ағаш тұрақта тұрған 7 көлікті басып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Qazaqstan арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин
Төтенше жағдайлар департаменті алматылықтарға көліктерін ағаш астында қалдырмауды кеңес етті. Сондай-ақ тұрғындарға бүгін таулы аймаққа бармауды ескертті. Өйткені 13 ақпанда жел екпіні 15-22 метрге дейін жетеді деді.
Ауа райының қолайсыздығынан әуе рейістері де белгіленген уақытынан кешігіп жатыр.
Мәселен, ондаған рейс Алматы әуежайынан ұшып шыға алмай уақытынын кешігіп жатыр. Ұшақтардың келу уақытында да кідіріс байқалады. Бірақ әуежай тарапы бұл рейстердің уақыты ауа райымен байланысты емес деп түсіндірді. Ұйым Алматы халықаралық әуежайы қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр деп ресми хабарлама таратты.
Бұған дейін Ақтөбе облысында еріген су республикалық маңызы бар тас жолды басып қалған еді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"