Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда Арон Атабекті ақтық сапарға шығарып салды

Бүгін 26 қарашада Алматыда қайтыс болған ақын Арон Атабектің денесі жер қойнауына тапсырылды. Марқұмның жаназасы қарындасының үйінде өтті.

Қоштасу рәсіміне жүзден аса адам жиналды. Олардың арасында марқұмның туыстары, қоғам қайраткерлері мен журналистер бар. Cондай-ақ жиналғандардың ішінде Әлнұр Ильяшев, Жанболат Мамай, Балташ Тұрсынбаев, Еркін Рақышев, Ермұрат Бапи, Жасарал Қуанышалин мен Нұржан Әлтаев секілді қоғам белсенділері болды. Олар Арон Атабектің жақындарына көңіл айтты.

Арон Атабектің қызы Айдана Айдархан әкесінің қазасы жөнінде журналистерге пікір білдірді.

"Мен тіпті не айтарымды да білмей тұрмын. Бұл тек біздің отбасымыз үшін ғана емес бүкіл қазақ қоғамының ортақ қазасы", - деді ол.

Бейітке жетер жолда полиция қызметкерлері тұрды. Жолда көлік қозғалысына шектеу қойылып, тек жаяу жүргіншілерді ғана өткізді.

Арон Атабек Алматы сыртындағы Бағанашыл зиратына жерленді. 

Белсенді 24 қазанда 68 жасында ауруханада қайтыс болдыДәрігерлер оның коронавирустан көз жұмғанын мәлімдеді. 


Арон Атабек деген кім?


Айта кетсек, Арон Атабек 2006 жылғы “Шаңырақ” оқиғасынан кейін 18 жылға сотталып, 15 жылын түрмеде өткізді. 

Еске салсақ, бұған дейін Арон Атабек түрмеден босатылып, қалған мерзім бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырылғаны айтылған еді. 

Талқылау