20 жылға сотталған Арман Жұмагелдиев сот үкімін апелляцияға берді
Фото: https://www.instagram.com/aikol.alikzhanova/
Алматыда “Дикий Арман” атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің ісі бойынша апелляциялық сот процесі басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі Арман Жұмагелдиевтің ісі бойынша тыңдаулар басталғанын растады. Сот отырысы жабық режимде өтіп жатыр.
Еске сала кетсек, биыл қаңтар айында Арман Жұмагелдиев Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша кінәлі деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
Ол келесі баптар бойынша айыпталған:
• 262-баптың 1-бөлігі — ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған жетекшілік ету,
• 268-баптың 1-бөлігі — қару-жарақтың заңсыз айналымы,
• 272-баптың 1 және 2-бөліктері — жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және оған қатысу,
• 28-баптың 3-бөлігі және 125-баптың 3-бөлігі 1-тармағы — адам ұрлау,
• 126-баптың 3-бөлігі 1-тармағы — бостандықты заңсыз шектеу.
Еске салайық, Арман Жұмагелдиев пен оның жақтастарына шыққан сот үкімініңегжей-тегжейі айтылғанын жазған едік.
Алматыда Арман Жұмагелдиевтің қылмыстық тобы, жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырғаны және азаматтарды ұрлағаны үшін сотталды.
Сот мәліметінше, 2016 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитеті 5-департаменті басшысының орынбасары Руслан Искаков ұлттық қауіпсіздік органдарының қолдауына кепілдік беретінін айтқан. Осылайша Жұмагелдиевті серіктестікке көндірген.

Қазақстан қалаларында қоғамдық көлікпен жүру құны қанша
