Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда алғаш рет екі адамға көздің қасаң қабығы трансплантацияланды

Фото: pixabay.com

Алматы қаласында алғаш рет екі адамға көздің қасаң қабығы сәтті көшірілді. Операциялар Орталық қалалық клиникалық аурухана базасында өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Donor Astana TV бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Мәліметтерге сенсек, науқас ауруханаға геморрагиялық инсультпен түскен болды.

Екі күн бойы оған хаттамаларға сәйкес толық көлемде медициналық көмек беріліп, дәрігерлік консилиумдар өткізілді. Алайда мамандардың барлық күш-жігеріне қарамастан, науқасты құтқарып қалу мүмкін болмады, биологиялық өлім тіркелді.

Науқаста қайтыс болғаннан кейінгі ағза донорлығына ресми келісім болған, сондай-ақ оның жақын туыстары да жазбаша түрде рұқсат берген.

Көпмүшелік ағза алудан кейін донордың жүрегі Астанадағы Ұлттық ғылыми медициналық орталыққа жеткізіліп, науқасқа сәтті ауыстырылды. Қазір оның жағдайы қанағаттанарлық.

Бүйректері де Астанаға жеткізіліп, балаларға салынды. Екі трансплантация да сәтті өтті. 

Айта кетейік, көздің қасаң қабығын трансплантациялаудың ерекшелігі — оны алғаннан кейін мүмкіндігінше тез арада, қаз-қалпында алғашқы тәуліктің ішінде салу қажет. Әйтпесе, тіндер қасиеттерін жоғалтып, жарамсыз болып қалады, бұл көру қабілетінен айырылған науқастардың қайта көру үмітінен айырады.

"Жеті жыл күттім": Алматылық жас жігіт 53 жастағы әйелдің жүрегін алғаннан кейін өмірі қалай өзгергенін айтты

Еске салайық, бұған дейін анонимді донор ағзаларын беріп жеті адамның өмірін құтқарып қалғанын жаздық. 43 жастағы испаниялық Монсеррат Лопестің өмірін құтқарды. Дәрігерлер оған анасы мен ағасында бұрын анықталған жүректің тұқым қуалайтын ауруын диагноздаған. Осыған байланысты Барселонадағы ауруханалардың бірінде ем алып жатқан әйелге жүрек трансплантациясы қажет болған.

Айым Атамбаева
Дүйсенбі, 23 Маусым, 2025 09:34
Талқылау