Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда АҚШ пен Жапонияның тәжірибесі бойынша ғимараттар сейсмикалық тексерістен өтеді

Алматыда 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында АҚШ пен Жапонияның тәжірибесі бойынша ғимараттарды сейсмикалық тексеру бағдарламасы іске қосылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Stan.kz

Ерболат Досаев мәслихат сессиясы барысында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл Алматының сейсмикалық қорғанысын күшейту міндетін алға қойғанын еске салды.

"2025 жылдың бірінші жартыжылдығында қаланың сейсмоаудитінің қорытындысы бойынша Жапония, АҚШ және Израиль тәжірибесі бойынша ғимараттарды сейсмикалық күшейту жөніндегі қалалық бағдарлама әзірленіп, енгізілетін болады. Алматының тұрғын үйін жаңарту бағдарламасы аясында біз мемлекеттік әлеуметтік және әкімшілік ғимараттарды сейсмикалық күшейту бойынша қолда бар жұмыстарды түзетеміз", — деді әкім.



Сондай-ақ, ол 2025-2027 жылдары қала аумағында ықтимал жер сілкінісі туралы ескерту үшін 70 қосымша сейсмикалық станция орнатылатынын жеткізді. Досаевтың айтуынша, қала бюджетінде бұл мақсаттарға 2025 жылы 700 миллион теңге қарастырылған.

Талқылау