Алматыда ақпан айынан бастап суық суға арналған тарифтер өседі
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департамент басшысы Әсел Буденеева Алматыда сумен жабдықтауға жаңа тарифтер енгізіліп жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
1 ақпаннан бастап:
- сумен жабдықтаудың орташа тарифі 135,24 теңге /м3 болады;
- су айдауға 83,54 теңге /м3.
Халық үшін сумен жабдықтаудың базалық тарифі 91,96 теңге/м3 дейін, ал су айдауға – 83,54 теңге/м3-қа дейін өседі.
Бұл ретте басқа тұтынушылар мен бюджеттік ұйымдар үшін де баға өзгерісі болады. Орташа чек:
- суық сумен жабдықтау бойынша тұрғын үй ауданы 32 м2 бір бөлмелі пәтерге – 156 теңгеге және кәріз үшін – 139 теңгеге (295 теңге);
- суық сумен жабдықтау бойынша тұрғын үй ауданы 48 м2 екі бөлмелі пәтерге – 234 теңгеге және кәріз үшін – 208 теңгеге (450 теңге);
- суық сумен жабдықтау бойынша тұрғын үйде ауданы 88 м2 үш бөлмелі пәтерге – 312 теңгеге және кәріз үшін – 278 теңгеге (600 теңге) өседі.
Тарифтер "неғұрлым көп үнемдесеңіз, соғұрлым аз төлейсіз" қағидатымен тұтыну көлеміне байланысты өзгереді:
- бір адамға айына 3 м3-қа дейін – базалық тариф 91,96 теңге/м3;
- 3-тен 5 м3-қа дейін – 110,36 теңге/м3;
- 5-тен 10 м3-қа дейін – 137,94 теңге/м3;
- 10 м3 жоғары немесе есептеу аспаптары жоқ – 183,92 теңге/м3.
Алынған қаражат ресурс үнемдеуші технологияларды енгізуге, жабдықтарды жаңғыртуға және желілерді жөндеуге бағытталады.
Бұған дейін Алматыда есептегіштері жоқ тұрғындар үшін суды тұтынудың жаңа нормалары күшіне енген еді.
Талқылау