Алматыда 8 келі “метамфетамин” тәркіленіп, күдікті қамауға алынды

Алматы қаласында 8 келі синтетикалық "метамфетамин" тәркіленіп, халықаралық есірткі арнасына тосқауыл қойылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Биыл қаңтар айында ұлттық қауіпсіздік комитеті шет мемлекеттің құзыретті органдарымен бірлесіп, халықаралық есірткі арнасының жолын кесуге бағытталған арнайы операция жүргізді.
Бірлескен жедел іс-шаралардан кейін Алматы қаласында 8 келі синтетикалық "метамфетамин" затын алу кезінде Қазақстан Республикасының азаматы ұсталды.
"Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Сот санкциясымен күдіктіге қатысты "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды", – делінген хабарламада.
- Мексикада ең ірі есірткі саудагерлерінің бірі “Эль Менчо” қаза тапты: Елде қарулы қақтығыстар басталған
-
Есірткі притонын ұйымдастырған: Алматыда бұрынғы дін қызметкері Иаков Воронцов қамауға алынды
Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы түнгі клубта аспаз есірткі саудасымен айналысты деген күдікпен ұсталғанын жаздық. Асхана қызметкері жұмыс орнында ұсталды. Жеке тінту кезінде күдіктіден ұнтақталған заттар мен ерекше иісі бар өсімдік тектес заттар, психотроптық және есірткі заттары тәркіленді. Тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді. Қамауға алынғаннан кейін полиция ер адамның үйінде қосымша тінту жүргізді.
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты