7 жасар өгей қызын өлтірген: Алматыда танымал қоғам белсендісінің қанша айға қамалғаны белгілі болды
Алматыда өгей қызын өлтірді деген күдікке ілінген әйел екі айға қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 14 шілдедегі қаулысымен күдікті Т. есімді әйелге қатысты "ауыр қылмыс жасады" деген айып бойынша сотқа дейінгі тергеу органының арызы қанағаттандырылып, сотқа дейін бұлтартпау шарасы санкцияланды. Оған 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды", – делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін 7 жасар Каринаны өлтірген күдікті қоғам қайраткері болуы мүмкін екені туралы жазған болатынбыз.
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді
Дәл осы жобада жеке виллалардың салынбайтыны нормативтік құжатпен нақты бекітілуі қажет дейді Ержан Еркінбаев
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық