63 жастағы қазақстандық донор болып, алты адамның өмірін сақтап қалды

Фото: ДСМ
Алматыда 63 жастағы көз жұмған әйел, 5 адамға ағзаларын беріп донор болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ағзаларды алу Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасының базасында жүргізілді. Донордың туыстарының келісімінің арқасында бірден бірнеше өмірлік маңызды ағзаларды трансплантаттауға мүмкіндік туған.
Атап айтқанда:
• жүрек 1988 жылы туған пациентке;
• бауыр – 1982 жылы туған пациентке;
• оң бүйрек – 1996 жылы туған пациентке;
• сол жақ бүйрек – 2017 жылдың қазан айынан бастап трансплантаттауды күткен 1966 жылы туған пациентке;
• мөлдір қабық – 1983 және 1956 жылы туған пациенттерге қондырылды.
“Донордың жасына қарамастан, дәрігерлер ағзалардың жақсы жағдайын және олардың одан әрі жұмыс істеу мүмкіндігін атап өтті. Бұл өмірді сақтап қалуға келгенде жастың кедергі емес екенін тағы бір рет растайды. Республикалық орталық донордың отбасына олардың батыл шешімі үшін, сондай-ақ үйлесімді жұмысы аса күрделі процесті жоғары деңгейде жүргізуге мүмкіндік берген медицина мамандарына зор ризашылығын білдірді”, – делінген хабарламада.
ТЭЦ-тің газға ауысуы Алматыдағы лас ауа проблемасын шеше ала ма: Сарапшылар мегаполистегі қалың тұмша неден түзілетінін талдап берді