Алматыда 2 балдық жер сілкінісі тіркелді

Алматыда 22 желтоқсанға қараған түні жер сілкінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстан Ұлттық ядролық орталығының Геофизикалық зерттеулер институты деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, 22 желтоқсан күні Астана уақытымен сағат 02:16-да Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүмпулерінің магнитудасы 5,0 болды.
Сейсмологтардың айтуынша, жер сілкінісі Алматы қаласында 2 балл деңгейінде сезілді.
“Жер сілкінісінің эпицентрі – Қытай аумағында, яғни Как-Шаал-Тоо жотасында орналасқан. Ол Бедель ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 33 шақырым жерде тіркелген. Бұл аймақта жер сілкінісінің қарқындылығы 3,5 балл болды.
- Жапониядағы жойқын жер сілкінісі: Желіде қорқынышты кадрлар тарады
- Өзбекстандағы жер сілкінісін Тараз бен Шымкентте де сезінді
Еске салайық, 4 желтоқсан күні алматылықтар жерасты дүмпуін сезген еді.
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті