Алматы әкімдігі 17 қазанда қала тұрғындарын алаңдамауға шақырды
17 қазанда Mass Alert жүйесі жаппай сынақтан өткізіледі. Алғаш рет iOS операциялық жүйесін пайдаланушыларға хабарлама жіберіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Pixabay.com
Сынақ хабарламалары "Президенттік ескерту" немесе "Ұлттық ескерту" белгісімен келеді.
Хабарламалар осындай тақырыптармен жіберіледі. Себебі бұл халықаралық сипаттама, барлық телефонның операциялық жүйесінде жедел құлақтандыру іске қосылған кезде қолданылады.
Қала тұрғындары мен қала қонақтарына алаңдаудың қажеті жоқ, себебі бұл жай ғана сынақтан өткізу. iPhone қолданушыларына хабарламаларды алу үшін құрылғыларын iOS 18 нұсқасына "Баптаулар – Негізгі – Бағдарламалық жасақтаманы жаңарту" батырмасын басып, жаңарту керек.
Айта кетейік, 31 мамырда Android жүйесіне арналған сынақ сәтті өткен еді.
Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы сейсмология орталығын жөндеуге арналған жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірлеуге шамамен 174,5 миллион теңге жұмсалатынын жаздық. Мәліметтерге сенсек, бес қабатты ғимарат Алматыдағы әл-Фараби даңғылында орналасқан. Ақпаратқа сәйкес, жобаны әзірлеу екі жылға созылуы мүмкін, себебі бірінші жылы 71 миллион теңгеден астам, ал екінші жылы 103 миллион теңгеден астам қаржы бөлу жоспарланып отыр.