Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда 11 мың оқушы бір мезетте күй орындап, ұлттық рекорд орнатты

Домбыра рекордФото: Алматы әкімдігі

Бүгін, 17 наурызда Алматыдағы Almaty Arena алаңында Наурыз мейрамы мерекесіне орай “Домбыра үні” атты ең ірі флешмоб өтті. Оған қаланың 200 мектебінен жиналған 11 500 оқушы қатысып, ұлттық рекорд орнатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Балалар арнайы дайындалған попурриді бір мезетте домбырамен орындады. Бағдарламаға қазақстандық композиторлардың танымал шығармалары мен күйлері енді. Олардың қатарында Төлеген Мұхамеджанов, Алтынбек Қоразбаев, Нұрғиса Тілендиев туындылары, сондай-ақ Құрманғазы Сағырбайұлының әйгілі “Балбырауын” күйі бар.

Орындау толық синхронды шығуы үшін оқушылармен бірнеше апта бойы мыңға жуық музыка пәнінің мұғалімдері жұмыс істеді. Нәтижесінде барлық қатысушы бір уақытта ойнап, алып домбырашылар оркестрі құрылды.

4 минут 38 секундқа созылған қойылым Қазақстан рекордтар кітабы (КИнЭС) өкілдерінің бақылауымен ресми түрде тіркелді.


"Boys Мұқасан": Backstreet Boys әншілеріне шапан мен домбыра тарту етілді (видео)

Домбыра арқылы ортекені танытып, тарихты еске салады: Қазақы құндылықтарды жастар қалай жаңғыртып жүр


Еске салайық, былтыр Талдықорғанда 5 мың адам жиналса, биыл жыл басында Астанада 3 200 домбырашы бас қосқан еді. Ал Алматы бұл межені бірден 11 500-ге жеткізді. Осылайша, жергілікті оқушылар 2010 жылы Қытайда орнатылған әлемдік рекордтан да асып түсті. Ол кезде 10 450 домбырашы жиналған еді.

Балнұр Рахматуллақызы
Сейсенбі, 17 Наурыз, 2026 23:33