Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы жастары "Таза Қазақстан" науқаны аясында "EcoQala Fest"экологиялық фестивалін өткізіп жатыр

 «EcoQala Fest» экологиялық фестивалі өтті

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен “Таза Қазақстан” жалпыұлттық экологиялық науқаны аясында “EcoQala Fest” фестивалі жалғасып жатыр. Фестиваль экологиялық керуен форматында өткізіліп, арнайы безендірілген көлік тұрғын үй аулаларын аралайды. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі хабарлайды.

Волонтерлер тұрғындарды сенбіліктерге қатысуға шақырып, экологиялық викториналар мен музыкалық сүйемелдеумен өтетін би флешмобтарын ұйымдастырады.

Фестивальдің кезекті кезеңі Медеу ауданында өтті. Бұған дейін аталмыш шаралар Наурызбай, Алатау, Алмалы және Әуезов аудандарында ұйымдастырылған болатын. Аталған жоба қаланың барлық аудандарын қамтып, тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруды көздейді.

 «EcoQala Fest» экологиялық фестивалі

“Біз осындай креативті тәсілдер арқылы жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, экологиялық сананы дамытып, олардың қоғамға пайдалы бастамаларға белсенді қатысуға шақырамыз”, – деді Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек.

Іс-шараға қаланың белсенді жастары, волонтерлер, эко рейнджерлер және комьюнити орталықтардың резиденттері қатысты. Фестиваль экологиялық бастамаларға бейжай қарамайтын азаматтарды біріктіріп, мегаполистің тазалығына үлес қосуға мүмкіндік береді.

 «EcoQala Fest» экологиялық фестивалі

“EcoQala Fest” – мен үшін тек сенбілікке қатысу ғана емес, айналамдағы адамдарды табиғатқа жауапкершілікпен қарауға ынталандырудың жолы. Көп тұрғындар қызығушылық танытып, викторинаға қатысып, жақсы көңіл-күймен тарқайды. Бұл – біз дұрыс бағытта келе жатқанымыздың белгісі", – деді фестивальге қатысқан волонтер Шашубай Мәди.

Айта кету керек, аталған фестиваль қала аумағында тұрақты түрде өткізіледі.

Айым Болатқызы
Жұма, 25 Шілде, 2025 08:28
Талқылау
`