"Алматы жастары" бағдарламасына тағы да қосымша іріктеу жарияланды
Алматы әкімдігі желтоқсанның 23-і мен 31-і аралығында "Алматы жастары" ипотекалық бағдарламасына өтінімдерді қосымша іріктеу жүргізеді. Осымен “Алматы жастары” биыл екінші рет өткізілмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Рexels.com
Бұл жолы биыл 29 шілдеден 7 тамызға дейін негізгі конкурстық кезеңде өтінім берген, бірақ құжаттарды дұрыс толтырмаған немесе дұрыс тапсырмағандықтан оң шешім алмаған азаматтар ғана қатыса алады.
Өтініміңізді түзетуге рұқсат берілгенін тексеру үшін бағдарлама сайтының басты бетіндегі "Қайта өңдеуге жіберілген азаматтар тізімі" бөлімін қарауға болады. Түзетулерді 2024 жылғы 23-31 желтоқсан аралығында almaty-zhastary2024.kz сайтында енгізу қажет.
Қосымша іріктеу кезеңі желтоқсанның 23-і мен 31-і аралығында өтеді.
Айта кетейік, 2024 жылы "Алматы жастарына" өтінім берген 2 мыңға жуық жас баспаналы болды. Бұған дейін "Алматы жастары" тұрғын үй бағдарламасына қосымша 1,4 млрд теңге бөлінгені туралы жазған едік.
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін
Қазақстандықтар қытайлық сайттардан жануарларға тапсырыс беріп, өлтіріп алған
Тұрғын: "Сол кезде иіс қалай шығатынын айтып жеткізу қиын”