Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

"Алдап жатыр деп ойладым": Алматы тұрғыны "Сәтті Жұлдыз" лотереясында пәтер ұтты

Фото: “Сәтті Жұлдыз” ұлттық лотереясы

Алматы тұрғыны Василий “Сәтті Жұлдыз” ұлттық лотереясына қатысып, пәтер ұтып алды. Көптен бері армандап жүрген баспанасына ие болған жеңімпаз ұтыстан кейінгі әсерін айтып берді. 

Алматы тұрғыны Василий 20 жылдан бері Ақтауда вахталық қызметте істейді. Ол жұмысынан тыс уақытта сергу үшін “Сәтті Жұлдыз” ұлттық лотереясының түрлі ұтысына қатысып, бағын сынайды екен. Осы жолы Василийдің айы оңынан туып, TeleBingo лотереясының жеңімпазы атанып, жаңа пәтерге ие болды. Өзінің айтуына қарағанда, алғашында ол мұндай ауқымды ұтысты жеңіп алғанына сенбеген. Бірақ кейін өміріндегі ең үлкен армандарының бірі орындалғанын түсінген. 

“Әрине, бір үмітім болған соң, лотереяға қатысып жүретінмін. Дегенмен ұтқанымды естігенде сенбедім, таңғалдым. Тіпті, мені алдап жатқан шығар деп ойладым. Бірақ ұйымдастырушылар бірнеше мәрте қоңырау шалды. “Сәтті Жұлдыздың” кеңсесіне барған соң, шамамен екі күннен кейін ғана шын екеніне көзім жетті. Қазір қуанышым қойныма сыймай тұр”, – дейді жаңа пәтердің иесі.

Василийдің “Сәтті Жұлдыз” ұлттық лотереясына қатысып жүргеніне екі жылдай болыпты. Ол аптасына екі рет TeleBingo және 5/36 сияқты лотереялардың билетін сатып алады екен. Жеңімпаз бұрын Small, Magnum сияқты сауда орталықтарының жанындағы сауда орындарынан лотерея билетінің қағаз нұсқасын сатып алып жүрген екен. Ал кейінгі жарты жылдан бері онлайн қатысып жүр. Василий жеңісінің ешқандай сыры жоқ екенін, тек жолы болғанын айтады. 

“Бұрын билетке жазатын сандарды арнайы нумерология ғылымын зерттеп, сол бойынша таңдайтынмын. Бірақ кейінгі уақытта тек қаншалық сәтті адам екенімді сынап көрейін деп, “Сәтті Жұлдыз” сайтының сандарды автоматты түрде таңдауға мүмкіндік беретін функциясын қолдана бастадым. Бір қызығы, сандарды дәл солай таңдап, осы пәтерді ұтып алып отырмын”, – дейді жеңімпаз. 

Василий бұл қуанышты хабарды әзірге ешкімге айтпауды жөн көріпті. Себебі жеңісінің дәмін тыныш қана, ешқандай даңғазаға бармай сезінгісі келеді екен. Ал “Сәтті Жұлдыз” ұлттық лотереясының басқа қатысушыларына сәттілік тілеп, үмітін үзбеуге кеңес берді. 

“Қатысыңыздар, үміттеріңіз үзілмесін. Сонда сіздер де бір күні ұтысқа ие болып қаларсыздар”, – дейді Алматы тұрғыны Василий.

Айта кетейік, 30 сәуірде “Сәтті Жұлдыздың” "Loto 6/49" тираждық лотереясы өтеді. Оған қатысатындардың “кроссовер” ұтып алуға мүмкіндігі бар. Жеңімпаз 22.00-де “Сәтті Жұлдыз” ұлттық лотереясының YouTube арнасында 22.00-де тікелей эфирде өтіп, жеңімпаз анықталады. Ұтыс билеттерінен түскен қаржының 10%-ы елдегі спорт саласын дамытуға, тағы 10%-ы “Қазақстан халқы” қорына аударылады.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 28 Сәуір, 2025 11:03
Талқылау