Алматы трассасында жантүршігерлік жол апаты болды: Жүргізуші мерт болды (видео)
15 қыркүйекте түнгі сағат 2 шамасында Алматы-Өскемен тас жолының 25-шақырымында адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алматы облысындағы тас жолдың бірінде Қонаев терминалының маңында адам өліміне әкелген жол апаты болды.
Chevrolet Cobalt көлігінің жүргізушісі жоғары жылдамдықпен ақылы терминалдың бетон қоршауына соғылған, одан ұшып, алдында тұрған Hyundai Sonata көлігімен соқтығысқан. Chevrolet жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.
"Жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды, болжам бойынша Chevrolet көлігін басқарған ер адам тізгінге ие бола алмай қалған", – деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тергеу жалғасып жатыр.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және бұл үшін оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан