"ҚазТАГ" агенттігінің басшысы Әсет Матаев екі айға қамауға алынды

Алматы соты төбелес шығарды деп айыпталған "ҚазТАГ" агенттігінің бас директоры Әсет Матаевты екі айға қамауға алу туралы шешім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл шешім “бұзақылық” бабы бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеу аясында қабылданған.
Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы оқиғаға қатысқан барлық тұлғаларға қолданылған.
"Оқиғаға қатысқан барлық тұлғалар анықталып, ұсталды. Сот оларға қатысты екі айға қамауға алу шарасын таңдады. Тараптардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Барлығы заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады", – делінген хабарламада.
Сонымен қатар полиция күдіктілерде ауыр жарақаттар тіркелмегенін және олардың жағдайы қамауда ұстауға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда төбелес шығарған "ҚазТАГ" басшысы Әсет Матаев ұсталғаны туралы жазған едік. 50 жастағы медиа-менеджер мас күйде “Dostyk Plaza” маңында 20 жастағы жігітпен төбелесіп, ауруханаға түсті.
Заңгер Рена Керімова өз мәлімдемесінде жанжалдың ер адамдардың бір-бірін дұрыс танымай қалуынан басталған болуы мүмкін екенін айтты.
"Әсеттің достарының бірі көшедегі жігіттің біреуін қызбен шатастырған, сол себепті жанжал шыққан. Шындығында, ол жігіттің сырт көрінісі ерекше болған: ұзын қызыл шаш, қызыл қастар, алқалар және т.б. Түн ортасы, шамамен сағат 02:00-де, достармен отырыстан шыққаннан кейін, артынан қарағанда қызбен шатастырып алу оп-оңай", – деп жазды адвокат өзінің Facebook парақшасында.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі