Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы тәркіленген Mercedes-Benz G-Class көліктерін пайдаланатын болды

Елдос Қоспаевтың көлігін полицейлер мініп жүр

Фото: Видеодан скрин

Алматы қаласының полиция департаменті қызметтік автопаркын екі Mercedes-Benz G-Class жол талғамайтын көлігімен толықтырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Көліктер рейдерлік қылмыстық топ жетекшісі Елдос Қоспаевтан тәркіленіп, белгіленген тәртіппен қала әкімі аппараты арқылы полиция балансына тапсырылған.

Ведомствоның мәліметінше, көліктер жаңа техника саналмайды, алайда техникалық жағдайы жақсы. Олар:

•    қорғалатын тұлғаларды;
•    шетелдік делегацияларды;
•    көлік колонналарын сүйемелдеу, оның ішінде қиын метеорологиялық жағдайда қамтамасыз ету үшін қолданылады.

Сонымен қатар жоғары өтімділікті қажет ететін күрделі, қолжетімсіз аумақтарда өтетін жедел-іздестіру іс-шараларында да пайдаланылуы мүмкін.


Назарбаевтың күйеу баласы Рахат Алиев АҚШ-тан 2 миллиард долларын қайтаруға көмектесуін сұраған


Бас прокуратура Нұрбол Назарбаевтың активтері бойынша жұмыс жүргізіп жатыр


Еске салайық, ағайынды Қоспаевтар құрған қылмыстық топ еліміздегі бірнеше ірі бизнесті тартып алу фактілерімен танылған. Биыл қаңтар айында Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты топ басшысы Елдос Қоспаевты 15 жылға бас бостандығынан айырған еді.

Айым Атамбаева
Сенбі, 06 Желтоқсан, 2025 08:53