Алматы облысы әкімінің қанша жалақы алатыны белгілі болды
Алматы облысы әкімі Марат Сұлтанғазиевтің қанша жалақы алатыны белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Жанна Арынбекованың айтуынша, аймақ басшысының жалақысы 2 миллион теңгеден асады. Бұл соманы ол мемлекеттік қызметтегі 20 жылға жуық тәжірибесінің арқасында алып отыр.
Қазақстандықтардың үштен бірі ғана орташа жалақыдан жоғары алады
"Облыс әкімінің еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 қазандағы "Облыс бюджеті есебінен ұсталатын барлық органдардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекіту туралы" қаулысы негізінде есептеледі. Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілерге еңбекақы төлеу схемасына сәйкес, Алматы облысы әкімінің лауазымдық жалақысы 18 жылдан жоғары жұмыс өтілін ескере отырып, 2 414 264 теңгені құрайды", – деді облыс әкімінің баспасөз хатшысы.
Еске сала кетейік, Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімін 2022 жылдың маусым айынан бері атқарып келеді. Бұған дейін ол Қазақстан Республикасының қаржы бірінші вице-министрі қызметін атқарған.
Еске салсақ, осыған дейін "Қазпошта" басшысы қанша жалақы алатыны айтылған болатын.
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды