Алматы облысының әкімі Шерзат Полаттың әпкесін елден депортациялауға қатысты пікір білдірді
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Талғарда көз жұмған Шерзат Полаттың өліміне қатысты пікір білдіріп, туыстарына қатысты қозғалған іс жөнінде айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Stan.kz
Облыс әкімі тергеу барысы назарына алынғанын атап өтті.
"Мұндай қайғылы оқиға болғаны үшін жанұяға көңіл айтамыз. Жалпы бұл мәселе біздің назарымызда. Құқық қорғау органдары өз жұмысын атқарып жатыр. Сондай-ақ іс министр мен бас прокурордың жеке бақылауында. Сол себепті сабыр сақтап, құқық қорғау органдарының берген мәліметіне сенуді сұраймын. Қазір олар ашық жұмыс істеп, БАҚ-та әр жұмыс бойынша ақпарат жариялап жатыр", – деді ол.
Сонымен қатар журналистер марқұм Шерзат Полаттың туысын елден депортациялау туралы шешімнің не үшін қабылданғанын сұрап көрген еді.
"Бұл шешімге қатысты әлі де нақтылау керек. Алғашқы дереккөз, әрине, құқық қорғау органы. Менің білуімше бұл кісінің азаматтығы жоқ", – дейді Сұлтанғазиев.
Еске салайық, бұған дейін Қаржаубай Нұрымовтың әпкесі Бақыт Реймова“Митингке шақыру” бабы бойынша 15 тәулік қамауға алу және елден депортациялау жазасына кесілгені туралы хабарлаған едік. Себебі ол Қазақстан азаматтығын алмаған делінген ақпаратта.