Алматы облысындағы Маралсай шатқалында әйел жардан құлап кетті

Фото: Ru.freepik.com
Төтенше жағдай министрлігінің әскери қызметкерлері Талғар ауданындағы Маралсай шатқалында құлап кеткен әйелді тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Төтенше жағдай министрлігіне қарасты 28237 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында механикаландырылған патруль бағытымен жүріп келе жатып шатқал ішінде көмекке шақырып жатқан әйелді байқап қалған.
“Патрульдеу кезінде көмекке мұқтаж адам анықталды. Белгілі болғандай, 1986 жылы туған әйел абайсызда жардан құлап кетіп, өз бетімен шыға алмаған. Кезекші жасақтың күшімен зардап шеккен әйел құтқарылып, келген жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды”, – делінген хабарламада.
Әйелдің өміріне қауіп төнген еді. Ал құтқарушылар қауіптің алдын алды.
Бұған дейін Алматы тауында жоғалып кеткен 18 жастағы студенттің мәйіті табылған еді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі