Алматы облысындағы колонияда жаппай төбелес болып, 3 адам зардап шекті
Алматы облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЛА-155/14 орта қауіпсіздігі мекемесінің қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілері бірнеше сотталушылар арасында туындаған жанжалды ауыздықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

5 қазанда бірнеше тұтқындар арасында қақтығыс болып, арты төбелеске ұласқан. Қылмыстық-атқару басқармасы мен Ұлттық гвардия жанжалды тоқтатқан. Соған қарамастан, зардап шеккендер болды.
"Сотталушыларға алғашқы медициналық көмек көрсетілді, олардың үшеуі Қапшағай қалалық ауруханасына жатқызылды. Қазір дәрігерлердің бақылауында, жағдайлары қанағаттанарлық", - деп хабарлады ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.
Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін мекемеге комитет басшылығы, арнайы прокурор, сондай-ақ ұлттық алдын алу тетігінің және қоғамдық байқау комиссиясының өкілдері келді.
Қазіргі уақытта мекемеде жағдай тұрақты. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, қызметтік тексеру жүргізілуде.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"