Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында екі ауылдың атауы қазақшаланды

Алматы облысында екі елді мекеннің атауы өзгертілді. Казцик ауылына қазақ театр педагогикасының негізін салушы Асқар Тоқпановтың есімі берілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Алматы облысының әкімдігі

Осыған орай ауылда салтанатты шара өтті. Қызыл лентаны қию құқығы құрметті қонақтарға тапсырылды. Ашылу салтанатына қатысқан тұрғындар бұл шешімге риза болды. Олар мұны Қазақстанның мәдени мұрасын сақтау және танымал ету жолындағы маңызды қадам деп санайды.

Сондай-ақ бұл күні Комсомол ауылының аты Жайнақ болып өзгертілді.

"Казцик ауылының атауы да Комсомол ауылы секілді өзгерді. Бұл – бәріміз үшін маңызды оқиға. Асқар Тоқпанов сынды біртуар тұлғаның есімін біздің елді мекенге қойғандары дұрыс деп ойлаймын", – дейді Тоқпанов ауылының тұрғыны Ғалия Сағымбекова.



Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында бірнеше ауыл мен ауылдық округтердің атауын өзгерту мақұлданғанын жазған едік. Іле, Талғар, Кеген аудандарындағы ауылдардың атауын өзгерту туралы шешімді мәслихат қабылдады. Тиісті қаулыны Алматы облысының әкімі шығарды.

Талқылау