Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жүргізуші полицейдің саусақтарын көліктің есігіне қысып, сүйреп кеткен (видео)

Алматы облысында жүргізуші полицейдің саусақтарын көлігінің есігіне қысып, сүйреп кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото видеодан скрин

Полицияның мәліметінше, Байсейіт ауылында патрульдік полиция қызметкерлері жол ережесін бұзғаны үшін Toyota Ipsum көлігін тоқтатқан. 34 жастағы жүргізуші хаттама рәсімдеу кезінде қызметкерлердің заңды талаптарын орындаудан бас тартқан.

"Ол полицейлерді елемей, көлігіне отырып кетіп бара жатқан кезінде көлігінің есігі капитан Темірбаевтың саусақтарын қысып қалған. Көлік жедел қозғалып, офицерді шамамен 10-15 метр қашықтыққа жылдамдықпен сүйреп кеткен. Полиция қызметкері қолын есіктен жұлып үлгерген, алайда асфальтқа құлап, жарақат алды", – делінген полиция хабарламасында. 


Абай облысында мас жүргізуші полиция қызметкерін қағып өлтірді


Жүргізуші көп ұзамай ұсталып, Шелек ауылдық полиция бөліміне жеткізілген.

Билік өкіліне күш қолдану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалған. Оған жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін Атырауда жол қозғалысын реттеп тұрған полиция қызметкерін көлік қағып кеткені туралы жазған едік. 

Талқылау