Алматы облысында жолдың бойында көкпар ойнағандар жауапқа тартылды
Алматы облысында полиция қызметкерлері жолдың бойында атпен ойын ұйымдастырған ер адамдарды жауапқа тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото видеокадрдан скриншот жасалған
Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында Жамбыл ауданы Қарғалы ауылындағы бір топ салт аттының жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны анықталды.
Аталған құқық бұзушылар аудандық полиция қызметкерлерімен анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Жаяу жүргіншілер мен жол қозғалысының басқа қатысушыларының ережелерін бұзғаны үшін ер адамдар әкімшілік жауапқа тартылды.
Айта кету керек, полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерді үнемі бақылап, құқық бұзушылықтарды анықтау және уақытылы алдын алу жұмыстарын жүргізеді. Құқық қорғаушылар барлық жол қозғалысына қатысушыларды қоғамдық тәртіпті бұзбай, жол қозғалысы мен қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
- Көкпар дауы: Сыртқы істер министрлігі Көшпенділер ойындарындағы жанжалдың саяси салдары туралы айтты
Еске салайық, бұған дейін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан финалдағы Қазақстанның жеңісіне қырғызстандықтар жаппай наразылық білдірген еді. Қазақстан құрамасы Қырғызстан командасын 4:5 есебімен жеңіп, ел қоржынына алтын медаль салды. Бірақ қырғыз ағайындар ойынның әділетсіз өткенін айтып, төрешіні жерден алып, жерге салды.