Алматы облысында жоғалып кеткен тікұшақ ұшқыштарының туыстары үндеу жариялады

Фото: 360.ru/Видеодан скриншот
Алматы облысында бір күн бұрын сынықтары табылған ЕС-145 әскери тікұшағының жоғалып кеткен ұшқыштарының туыстары үндеу жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
EC-145 әскери тікұшағы экипажының үш мүшесінің туыстары ресми органдардан осы қайғылы оқиғаға аударуды сұрады. Мұны бұрынғы депутат, блогер Тәңірберген Бердоңғаров мәлімдеді.
"Жоғалып кеткеніне көп уақыт өтті, бірақ отбасы әлі күнге дейін нақты ақпарат немесе ресми түсініктеме алған жоқ. Біз әр минут сайын алаңдап жатырмыз, үйде оларды балалары, ата-анасы, әйелі күтіп отыр. Іздеу аймағында не болып жатқанын, оның нәтижесі қандай, олардың тірі ме, жоқ па, білмейміз", – дейді олар.
Айта кетейік, бұған дейін 25 шілдеде Алматы облысы Жамбыл ауданы Тарғап ауылының маңында әскери тікұшақ радардан жоғалып кеткенітуралы жазған едік. EC-145 әскери тікұшағында үш экипаж мүшесі болған. Тікұшақтың бөлігі көл ішінен табылды.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр