Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мұғалім оқушысын ұрып-соққан (видео)

Алматы облысында желіде тараған видеодан кейін мектеп мұғаліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

мұғалім

Фото: depositphotos.com

Әлеуметтік желіде ер адамның жасөспірімге дауыс көтеріп, күш қолданған сәті түсірілген видео пайда болды. Кейіннен видео кейіпкерлерінің Алматы облысы Іле ауданы Көктерек ауылындағы №21 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі мен 8-сынып оқушысы екені анықталды. 

Облыс әкімдігі мұғалімнің жұмыстан шығарылғанын мәлімдеді. Әкімдіктің хабарлауынша, ұстаздың әрекеті педагогикалық этиканы бұзу және лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану ретінде қарастырылған.

Полиция мұғалімге қатысты "ұрып-соғу" баба бойынша қылмыстық іс қозғады.


“Ұрғандардың бәрі мұғалімнің баласы”: Ақтөбеде көз жұмған жасөспірімнің әпкесі інісінің жоғары сынып оқушыларының қолынан қаза тапқанын айтты


"Кәмелетке толмаған баланы соққыға жығу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде", – делінген Алматы облыстық полиция департаментінің хабарламасында. 

Егер мұғалімнің кінәсі дәлелденсе, күдіктіге 100-ден 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салу, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 100-ден 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 30-дан 50 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған.

Еске салсақ, бұған дейін желіде Шымкенттегі жекеменшік балабақшалардың бірінде тәрбиешінің балаларды ұрып-соққаны түсірілген видео тараған еді. 

Талқылау