Алматы облысында жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

Алматы облысында жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншіні қағып өлтірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жол апаты Алматы-Өскемен тас жолында болған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады.
Алматы облысының полиция департаменті ақпаратты растады. Полицияның мәліметінше, оқиға 11 маусым күні болған.
Қазақстандық жедел жәрдемге қоңырау шалғаны үшін көлемді айыппұл арқалады
"Алматы-Өскемен тас жолының 75-шақырымында Hyundai H350 жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткені анықталды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр", – делінген полиция хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін Қарағанды облысында 2 жасар баланы пойыз қағып кеткені туралы жазған едік.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"