Қазақстандық жедел жәрдемге қоңырау шалғаны үшін көлемді айыппұл арқалады

Ақтауда 29 жастағы ер адам "жедел жәрдемге" қоңырау шалып, көп таблетка ішіп қойғанын хабарлаған. Алайда бұл әзіл болып шықты, енді оған ірі көлемде айыппұл төлеуге тура келеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Аймақтық басылымның мәліметінше, оқиға 22 мамыр күні сағат 22:00-де болған. "103" қызметінің пультіне Ақтау тұрғынынан дәрі-дәрмекті көп мөлшерде қабылдағаны туралы хабарлама түскен.
"Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына жеткен кезде, ер адам мұны жай ғана әзіл үшін жасағанын мойындады", – деп хабарлады Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының баспасөз қызметі.
Шақырту жалған деп танылып, азаматқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 438-бабы (Арнаулы қызметтердi көрiнеу жалған шақыру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.
Нәтижесінде, арнайы қызметтерді көрінеу жалған шақырғаны үшін Ақтау тұрғынына 117 960 теңге көлемінде айыппұл салынды.
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"