Алматы облысында жасөспірім 3100 метрлік шыңға көтеріліп, қайта түсе алмай қалған (видео)
Алматы облысында Іле Алатауы тауларында құтқарушылар 16 жастағы жасөспірімді 3100 метрлік шыңнан түсірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ТЖМ
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше 22 қарашада күндіз 112 пультіне 2008 жылы туылған жасөспірім жүгінген.
“Ол теңіз деңгейінен 3100 метр биіктікте орналасқан Букреев шыңына көтеріліп, өз бетінше түсе алмаған. Онымен байланыс болды, таулы жерде ол жалғыз болған. Құтқарушылар баланың көтерілу бағытын анықтап, аумақты тексеруге кірісті. Жасөспірімді тауып алған ТЖМ қызметкерлері жасөспірімді таудан түсіріп, Алматыға жеткізді. Оны туыстары күтіп тұрған еді. Оған барлық қажетті көмек көрсетілді”, – дейді құтқарушылар.
Төтенше жағдайлар министрлігі осындай тауға көтерілулер бірқатар ережелер қатаң сақталған жағдайда ғана қауіпсіз екенін еске салды.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді