Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында үйдің аумағына таудан топырақ сырғып кеткен

жер топырақ

Видеодан скриншот

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Талғар ауданы Бесағаш ауылындағы коттедж қалашығы аумағында топырақтың өздігінен сырғуы туралы хабарлама келіп түскенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

ТЖД мәліметінше 7-8 ақпан аралығында қар түріндегі жауын-шашынмен қатар жүрген тұрақсыз ауа райы жағдайларының салдарынан топырақ шамадан тыс ылғалданып, бұл тау баурайынан топырақ массасының өздігінен сырғуына әкелді.

“Оқиға нәтижесінде жеке тұрғын үй аумағындағы навес пен жеңіл автокөлік зақымданды. Тұрғын үйлерге және олардың көтергіш конструкцияларына зақым келтірілген жоқ. Зардап шеккендер мен адам шығыны жоқ. Жағдай Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бақылауында. Оқиға орнында облыстық департамент басшылығы мен жедел қызметтер жұмыс істеуде. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және аумақты жарықтандыру үшін жарық мұнарасы орнатылды”, – делінген хабарламада. 

Жақын маңдағы үйлердің тұрғындарымен қауіпсіздік шараларын сақтау және ықтимал қайталанатын табиғи құбылыстар кезінде әрекет ету бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Салдарын жою жұмыстарына Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың, полиция департаментінің және ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" қызметінің шамамен 20 жеке құрамы мен 9 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Назархан Уән
Жексенбі, 08 Ақпан, 2026 19:38