Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында тұрғындар жайылым жерінің қытайлық компанияға сатылуына қарсылық білдірді

Фото: Видеодан скрин

Алматы облысы Кеген ауданында бес мың гектардан астам жер барлау жұмыстарына берілген. Десе де ауыл тұрғындары бұл шешімге қарсы шығып, мал жайылымы тарылып қалатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ақсай ауылының тұрғындары мемлекет басшысы Тоқаевқа видеоүндеу жасады. Олардың айтуынша, аудан әкімі Нұрбақыт Теңізбаев 5 538 гектар жерді шетелдік компанияға беру туралы шешім шығарған. Бұл алқаптарды ауыл адамдары мал жаюға пайдаланып келген. Оның үстіне су алатын бастауға апаратын жол жабылып қала ма деп алаңдап отыр. 


Алматыда Болат Назарбаевқа тиесілі болған зауыт жер телімдері мен ғимараттарын қайтарып алмақ


Петропавл билігі 340 миллион теңгеге екі жер үйді сатып алмақ


“Біз ауыл шаруашылығымен айналысып, нәпақамызды тауып отырмыз. Әкім ешқандай көмек көрсетпейді. Жерді қытайларға беруге қарсымыз”, – делінген үндеуде.

Әкім Нұрбақыт Теңізбаевтың 2024 жылы 8 қазандағы қаулысына сәйкес, 5 175 гектар жер 2026 жылдың 1 қаңтарына дейін Kale Industrial Ltd компаниясына уақытша пайдалануға берілген. Рұқсат топографиялық-геодезиялық және іздестіру жұмыстарын жүргізуге арналған.

Фото: Orda.kz

Кеген ауданы әкімдігінің мәліметінше, жерді беру басқаға иелік етуге беру дегенді білдірмейді. 

“Бұл жер мемлекет меншігінде қала береді. Ал геологиялық барлау жүргізуге лицензия 2020 жылы берілген. Әкімдік компанияға учаскеге кіруге ғана рұқсат берген. Прокуратура мен өзге мемлекеттік органдар тексеріс жүргізіп, ешқандай заңбұзушылық анықтамаған. “Барлығы заң аясында”. Жер мемлекет меншігінде қалады және ешкімге берілмейді. Тұрғындардың барлық құқықтары сақталады”, –дейді жергілікті билік.

Айта кетейік, бұған дейін Тереңқұр аумағындағы Алагөзовтың жер телімдерінің жанындағы жекеменшік үйлер бұзылып жатқаны туралы жазған едік. 

Жұмаділлә Нұрила
Жұма, 21 Қараша, 2025 17:00
Талқылау