Алматы облысында тұрғын жүгері алқабының арасына жасырын есірткі өсірген
Фото: Polisia.kz
Алматы облысында полицейлер жүгері алқабының арасына жасырын есірткі өсірген тұрғынды ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
15 тамызда "Қарасора-2025" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Алматы облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҰҚК департаментімен бірлесіп, Еңбекшіқазақ ауданында арнайы операция жүргізді.
Операция нәтижесінде 36 жастағы жергілікті тұрғын ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Тексеру барысында жалпы аумағы 4,5 гектар шаруа қожалығының жерінен жасырын плантация анықталды. Жүгері алқабының арасында 233 түп қарасора егілгені белгілі болды. Сонымен қатар арнайы жасырылған жерден марихуана тұқымдары салынған 58 пробирка тәркіленді.
Алматы облысында миллиондаған долларға бағаланған есірткі трафигінің жолы кесілді
Ақтөбеде тұрғын пранк құрбаны болған жігітті есірткі тасымалдаушы деп ойлап ұрып тастаған
“Тәркіленген өсімдіктер сот-химиялық сараптамаға жолданды. Сараптама қорытындысына сәйкес, олардың жалпы салмағы 49 келіден асты. Қазіргі таңда күдікті Шелек қаласының полиция бөліміне жеткізіліп, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды”, – деді полиция өкілдері.
Ведомство кез келген есірткі айналымына қатысты заңсыз әрекеттердің қатаң қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін қатаң ескертті.

"Киіктерді өз өмірінің құнымен қорғаған батыр": Қорықшы Ерлан Нұрғалиевтің қаруланған броконьерлерді қуамын деп қалай қаза тапты
