Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында көлік тұрағында 7 жасар баланы автобус басып кетті (видео)

27 қараша Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Іргелі ауылында орналасқан "Асыл Арман" тұрғын үй кешенінің автотұрағында автобус жүргізушісі 7 жасар баланы қағып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Алматы облысының полиция департаменті жеке мектепке арналған автобус жүргізушісі артқа жүріп келе жатып, 7 жастағы баланы басып кеткені туралы ақпаратты растады. 

Полиция редакцияға бала алған жарақаттары салдарынан ол оқиға орнында қайтыс болған деп жауап берді.

"Оқиға Іргелі ауылындағы "Асыл Арман" тұрғын үй кешенінің көлік тұрағында болған. Бұл жағдай әлеуметтік желілерде таралып, тұрғындардың алаңдаушылығын тудырды. Қазір бұл оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Соған сәйкес процессуалдық шешім қабылданады", – деді полиция департаменті.

Сонымен қатар басылым Алматы облысы әкімдігінен неліктен тұрғын үй кешенінде тиісті аялмада жасалмағаны туралы сауал жібердік.



Оқырмандар Қарасай әкімдігінің желідегі парақшасының астына наразылық білдіріп, пікір жазды.

“Қанша рет әкімдікке де, президентке де хат жаздық. Бәрі түкке тұрғысыз. Уәде етілген мектеп, зәулім тұрғын үй кешені қайда? Мектеп жоқ, мемлекеттік балабақша жоқ, ата-аналар не істеу керек? Олар балаларын қай мектепке беретінін білмей жатыр ма? Бірақ Қарасай ауданы бойынша берілген сандар бәрі бар екенін көрсетеді. Әкімдікке ұят. Бала өлімі сіздің ар-ұжданыңызда!”, “Қандай қиын жағдай. Балапанға обал болыпты. Ата-анасына сабыр берсін. Мына мектепті неге бітірмей жатыр. Құрылыс басталганына қанша жыл болды?”, “Дұрыс аялдама жоқ, автобустармен де дұрыс қатынамайды. Мектеп те жоқ! Ал тұрғын үй кешеніне он жыл болды. Бірақ ешқандай инфрақұрылым жоқ!" – деп қолданушылар ашуланды.

Еске салайық, бұған дейін елордада автобус жүргізушісі қараңғыда жолдан өтіп бара жатқан қызды көрмей, қағып кетті. Қыз қатты соққыдан оқиға орнында көз жұмды. Алайда марқұмның жақындары бұл қайғылы жағдайға жүргізуші ғана емес, қауыпсіздікті қамтамасыз етпеген қала әкімдігі де кінәлі деп санайды. Жол апаты Айтматов пен Молдағалиев көшесінің қиылысында болған. 22 жастағы қыз сағат 21:00 шамасында көлік жүретін жолмен үйіне қайтып бара жатқан. Өйткені адамдар жүретін тротуар жоқ. Белгілі болғандай ол жерде жарық та жоқ болып шықты. Марқұм қыздың жақындары алғашында болған жағдайға сенбеген.

Талқылау