Алматы облысында түлекті шампурмен өлтірген: Мектеп директоры қызметінен босатылды
Коллаж: Stan.kz
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтің мәліметінше, күдікті кәмелетке толмаған сыныптасы қамауға алынды, ал мектеп директоры қызметінен босатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мәліметтерге сенсек, оқу ісінің меңгерушісі мен сынып жетекшілері де жауапқа тартылды.
"Нақты айтқанда, мектеп директоры қызметінен босатылды. Ал директордың орынбасары мен екі сынып жетекшісіне қатаң сөгіс берілді", – деді вице-министр.
Оның айтуынша, тергеушілер Қылмыстық-процестік кодекстің 200-бабына (Қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнiндегi ұсыну) сәйкес жергілікті атқарушы органдарға ұсыныс жолдаған.
"Барлық мән-жай тергеу барысында анықталады", – деді ішкі істер министрлігінің орынбасары Санжар Әділов.
Еске салайық, Алматы облысында мектеп оқушысын құрдасы өлтірді деген күдікке ілінді. Облыстық полицияның мәліметінше, бала 11-сынып оқыған. Қаскелеңде түлектер мектеп бітіруін атап өтпек болып, кеш ұйымдастырған. Кеш үшін ата-аналары оларға коттедж жалдап берген.

"Есік-терезе жақтаулары бүлінген, едені тесік": Алматылық RAMS Qazaqstan-нан 85 миллион теңгеге алған пәтеріне шағымданды
