Алматы облысында туған баласын сатып жіберген әйел сотталды
Алматы облысында өз балаларын саудалаған әйел сотталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы облысының №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен ол бес жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда айыпталушының балалары 14 жасқа толмауына байланысты оның жазасы кейінге шегерілді.
Айта кетсек, бұл үкімнің шығуына Талғар аудандық прокуратурасының тексерісі негіз болған. Белгілі болғандай, тергеу барысында әйел өз кінәсін толығымен мойындаған.
Еске салсақ, бұған дейін Өзбекстандық ерлі-зайыпты Алматыда жаңа туған сәбиді сатпақ болған еді.
Екі сәбиін бірдей сатып жіберген: Алматыда туған баласын саудалағандар жайлы жаңа деректер айтылды
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"