Алматы облысында 18 жастағы жігіт 4 жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кетті деген күдікпен ұсталды
Алматы облысының Есік қаласында 18 жастағы BMW жүргізушісі төрт жаяу жүргіншіні қағып кетті деген күдікке ілінді. Деректерге сүйенсек, ол оқиға орнынан қашып кеткен. Ал зардап шеккендердің бірі көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Алматы облысы полиция департаментінен
Аймақтың полиция департаментінің мәліметінше, 14 қарашада Есік қаласындағы Алтын Адам аллеясы көшесімен келе жатқан көлік төрт жаяу жүргіншіні қағып, содан кейін оқиға орнынан қашып кеткен.
“Жол апаты салдарынан 16 жасар қыз аудандық ауруханаға жатқызылды. 15 қараша күні таңертең ол алған жарақаттары салдарынан көз жұмды. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады”,-деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде BMW-320I автомашинасын басқарған 18 жастағы жергілікті тұрғын ұталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр