Алматы облысында тікұшақ құлаған жерден екінші адамның мәйіті табылды

Қорғаныс министрлігі тікұшақ құлаған орыннан екінші адамның мәйіті табылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
EC-145 тікұшағы құлаған аймақта іздестіру-құтқару іс-шаралары кезінде мәйіт судан шығарылды.
“Қазіргі уақытта құзыретті органдардың қатысуымен анықтау рәсімі жүргізіліп жатыр. Естеріңізге сала кетсек, іздеу жұмыстары Қорғаныс министрлігінің, ТЖМ, ІІМ және басқа да ведомстволардың барлық қажетті күш-құралдарын жұмылдыра отырып, тәулік бойы іске асырылуда”, – делінген хабарламада.
Еске салайық, 9 тамызда Сорбұлақтағы жоғалған тікұшақтың бөлшектері мен адам денесі табылғаны туралы хабарлаған едік.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген