Алматы облысында тас жолға қар көшкіні құлады (видео)
22 наурызда Алматы облысындағы тас жолға қар көшкіні құлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан кадр
"ҚазАвтоЖол" ұлттық автомобиль жолдарын басқару операторының хабарлауынша, сағат 17:00 шамасында республикалық маңызы бар "Алматы-Космостанция" тас жолының 19-шақырымындағы жол бөлігінде қар көшкіні жүріп өткен.
"Қар көшкіні көлемі 600 м3, ұзындығы 50 м, биіктігі 2 метрге дейін жетті. "Қазавтожолсервис" ЖШС қызметкерлері жол бөлігін тазарту жұмыстарын жүргізуде. Ол үшін екі бірлік техника (тиегіш-1, бульдозер-1) ) және 10 жеке құрам жұмылдырылды. Сонымен қатар кезекшілік ұйымдастырылып, жағдай бақылауда", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыдағы Букреев шыңында қар көшкіні жүргені туралы жазған едік.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты