Алматы облысында спорт басқармасының экс-басшысы Айбол Күлбаев пара алды деген күдікпен ұсталды
Фото: Алматы облысы әкімдігі
Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының бұрынғы басшысы Айбол Күлбаев пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров экс-спорт басқарма басшының пара алды деген күдікке ілінгенін мәлімдеді.
"Ол республикалық олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернатының директоры болып тұрған кезінде жеке кәсіпкерден мемлекеттік сатып алу аясында азық-түлік жеткізу туралы шарт жасасқаны үшін 8 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Биыл 24 сәуірде соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр", – деді Бигайдаров сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің брифингінде.
Айбол Күлбаев 1986 жылы дүниеге келген. Қазақ спорт және туризм академиясын ("дене шынықтыру және спорт", ғылым магистрі, PhD докторы) және Ресейдің Халықаралық Олимпиада университетін (спорттағы менеджмент және маркетинг) бітірген.
Еңбек жолын 2009 жылы Алматы технологиялық университетінің техникалық-экономикалық колледжінде оқытушы болып бастаған.
Әр жылдары Қазақ спорт және туризм академиясында аға оқытушы, ғылым, халықаралық байланыстар және магистратура бөлімінің директоры, бөлім басшысы, ғылым және стратегиялық даму жөніндегі проректор қызметтерін атқарған. Сондай-ақ Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясында ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор болып жұмыс істеген.
2024 жылы К.Ахметов атындағы республикалық олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің директоры болып қызмет атқарды.
Ал Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметіне 2025 жылдың ақпан айында тағайындалған еді. Айта кетейік, наурыз айында әлеуметтік желіде Күлбаевтың ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді. Алайда сол кезде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұл мәліметті жоққа шығарып, оның бұл іс бойынша қорғалуға құқығы бар куәгер ретінде танылғанын хабарлады.
Боксшы Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды
Еске салайық, бұған дейін бухгалтермен 758 миллион теңгеден астам ақша жымқырған Жамбыл облысында бас дәрігердің орынбасары сотталды. Сот үкімімен Шаушенова 9 жылға, Достаева 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар сотталғандар қаржылық қызметке байланысты лауазымдарды 10 жыл мерзімге атқару құқығынан айырылды.

"Дәрігерлер ертерек бала туып ал деді": 24 жасында ерте климаксқа ұшырап, денсаулығы сыр берген ару қыз-келіншектерге жолдау жасады
