Алматы облысында өрт салдарынан зейнеткер мен оның екі немересі көз жұмды
Алматы облысындағы Космос ауылында жеке үйлердің бірінде өрт шығып, зейнеткер мен оның екі немересі көз жұмды. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше түнгі уақытта жергілікті тұрғындар жеке үйлердің бірі өртеніп жатқанын хабарлаған.
"Оқиға орнына келген қызметкерлер 90 шаршы метр аумақтың өртенгенін көрді. Үйді 8 адамнан тұратын отбасы паналаған және 2021 жылдан бері жалға алып келген", – деді ведомство өкілдері.
Өрт сөндіру кезінде 1960 жылы туған әйел мен 2018 және 2019 жылдары туған балалардың мәйіті табылған. Есік қаласының орталық аудандық ауруханасына балалардың анасы, оның күйеуі, ұлы мен екі көршісі жеткізілген.
Қазір бұл жағдай бойынша Қылмыстық кодекстің 292-бабы 3-бөлігі "Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бойынша тергеу жүріп жатыр.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі