Алматы облысында өгей қызын зорлады деп айыпталған ер адам ақталып шықты
Алматы облысында өгей қызын зорлады деп айыпталған азамат ақталып шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: freepik.com
Істі прокуратура "қылмыстық құрам жоқ" деген себеппен тоқтатқан. Айта кетейік, қылмыстық істің анық-қанығына ету үшін 90 парақтан тұратын сараптама тағайындалған еді. Нәтижесінде, күдіктінің жазықсыз екені дәлелденді. Бірақ Алматы облыстық полиция департаменті шешіммен келіспей, ер адам 1 жыл бойы абақтыда отырды. Қазір ер адам ақталып, бостандыққа шықты.
"Өте көп алдайтын": Алматы облысында өгей қызын азаптады деп айыпталған мұғалім мән-жайды айтты
“12 ай бойы қылмыстық істі әуре-сарсаңға салып, дұрыс тергемей жүрген тергеушілердің ісіне Іле ауднының прокуроры Дидар Әскербеков мырза және де Алматы облысының прокуроры Берік Адамов мырза өздері жеке араласып, қылмыстық істі егжей-тегжейлі зерттеп, бірінші сарапшының үстіне қылмыстық істің қозғалғаны және оның қорытындысы жалған боп шыққанына көздері жетіп, қылмыстық істі тоқтатып, адамның конституциялық құқығының қалпына келуіне көмек көрсетті”, – деді заңгер Ғабит Өмірбеков.
Еске салсақ, бұған дейін Павлодарда 14 жастағы өгей қызын зорлап, жүкті қылған ер адам сотталған еді.