Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тәрбиелеу үшін басын ваннаға ұрған: Алматы облысында өгей әкесінен жәбір көрген баланың жағдайы белгілі болды

Алматы облысында өгей әкесінің қолынан қорлық көрген баланы жайы белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

бала

Алматы облыстық балалар ауруханасының директоры Марат Досқалиев баланың халі ауыр екендігін айтып кетті. 

«Баланың жағдайы ауыр. Әлі жансақтау бөлімінде болады. Науқас жасанды тыныс алу апаратынан ажыратылып, өзі демалып жатыр. Сөйлейді, тамақ іше алады», - деді Досқалиев.

8 жасар бала ауруханаға 19 сәуір күні түнгі сағат 00:30 шамасында жеткізілген.

Оқиға бойынша Алматы облысының ПД өкілдері пікір білдірді. 

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 106-бабының 1-тармағына (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 1987 жылғы күдікті ұсталып, қамаққа алынды. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалған. Қорытындысына сәйкес, іс сотқа жолданады», - делінген ресми хабарламада. 

33 жастағы баланың анасымен бірге тұрып жүрген жолдасы мас болған көрінеді. "Время" басылымының мәліметінше, ер адам жеткіншекті тәрбиелеу мақсатында оның басын шойын ваннаға ұрғанын полицейлерге айтыпты. Жәбір көрген баланың анасы көрші бөлмеде отырғанын, ешнәрсе естімегенін айтып ақталыпты. 

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында өгей әкесі жеткіншекті өлімші етіп сабағаны жайлы айтылған еді. 

 

Талқылау