Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында миллиондаған долларға бағаланған есірткі трафигінің жолы кесілді

есірткі зертханасы

Видеодан скриншот

ІІМ Алматы облысында арнайы операция өткізіп, мефедрон дайындаған зертхананы анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Зертхана Қарасай ауданының "Тұрар бақшасы" елдімекенінде орналасқан. Синтетикалық есірткілерді өндіру және таратумен айналысқан қылмыстық схеманы көрші елдің екі азаматы ұйымдастырған.

Жедел іс-шаралар барысында заңсыз айналымнан 11 келіден астам синтетикалық "мефедрон" есірткісі тәркіленді. Нәтижесінде айналымға құны 1,6 млн АҚШ долларын құрайтын шамамен 35 мың бір реттік дозаның түсуіне жол берілмеді.

“Сонымен қатар зертханаға жүргізілген тінту барысында 20 литр және 115 кг психотроптық зат, сондай-ақ екі тоннадан астам прекурсор тәркіленді. Оларды өңдеу арқылы 120 кг синтетикалық есірткі дайындау жоспарланған. Қылмыстық ортаға 17,5 млн АҚШ доллары көлемінде залал келтірілді. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр”, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының міндетін атқарушы Данияр Мейірхан.

Назархан Уән
Дүйсенбі, 07 Шілде, 2025 10:26
Талқылау