Алматы облысында мешіт маңында жігіттің денесі табылды
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласындағы мешіттің маңында жігіттің мәйіті табылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ІІМ
Әлеуметтік желілерде 29 наурызға қараған түні Есік қаласында мешітке жақын жерде жігіттің қаза тапқаны туралы ақпарат тарады. Полиция бұл ақпаратты растады.
Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазірдің өзінде қылмысқа күдікті тұлға анықталды.
"Оны ұстауға бағытталған бірқатар жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып, оқиғаның барлық қатысушылары мен куәгерлері жауап алып отыр. Полицейлер кісі өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады", – деп хабарлады департамент.
Полицейлер тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында екенін атап өтті.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"