Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында құлаған тікұшақтағы экипаждардың жеке заттары табылды

Қорғаныс министрлігі құлаған тікұшақФото: Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов жоғалған әуе қорғанысы күштерінің EC-145 тікұшағын іздеу жұмыстары жүріп жатқан Сорбұлақ көліне барып, жүргізіліп жатқан шаралардың барысын жеке бақылап қайтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы авиация генерал-майоры Асқар Ізбасов қорғаныс ведомствосының басшысын Сорбұлақ көліндегі іздестіру жұмыстарының барысынан хабардар етті, ондағы табиғи және техногендік ерекшеліктер барынша техникалық жарақтандыруды және операцияға қатысушылардың іс-қимылдарын нақты үйлестіруді талап етеді.

"Іздеу жұмыстарына су асты рельефі мен түбінің шөгінді, тереңдігінің өзгермелі және судың лай болуы кедергі келтіріп жатыр. Алайда, 25 шілдеде жоғалып кеткен Әуе қорғаныс күштері EC-145 тікұшағының бортында болғандардың қай жерде екенін анықтау бойынша ауқымды іздеу-құтқару операциясы күндіз де, түнде де тоқтамайды", – деді әскери-әуе күштерінің қолбасшысы.

Сол іздеу жүріп жатқан аймақта авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов жоғалған ұшқыштардың туыстарымен кездесті. Министр оларға қолдау білдіріп, операция тәулік бойы жалғасатынын, барлық ресурстар жұмылдырылғанын және әскерилер жолдастарын табу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын айтты.

"Біз соңына дейін әрекет етіп, іздеуді жалғастырамыз.  Жақын туыстарына жан-жақты қолдау көрсетіледі, күн сайын байланыстамыз. Қайғылы жағдайдың себептерін анықтау және жоғалғандарды табу үшін бар күшімізді саламыз", – деді қорғаныс министрі.

Үйсенбай Нұржігіт тікұшақ экипажы командирінің үлкен ағасы Медет Ержігіттің айтуынша, таңертеңнен кешке дейін ұшқыштардың туыстары жедел штаб орналастырылған іздеу орнында. Олар іздеу тобының құрамында Сорбұлақ көлін айналып өтіп, әуеден тікұшақтың су түбінен көру мүмкін еместігіне көз жеткізді.

Айта кетейік, іздестіру операциясына 400-ден астам адам, кинологиялық топтар, 70-тен астам жерүсті техникасы, 21 жүзу құралы, 10 ҰҰА, эхолоттар, суасты сканерлеу құралдары жұмылдырылған.


Алматы облысында жоғалған тікұшақ: Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады


Алматы облысында жоғалып кеткен тікұшақ ұшқыштарының туыстары үндеу жариялады


Еске салайық, бұған дейін 25 шілде күні Алматы облысында әскери тікұшақ жоғалып кеткені туралы жазған едік. Тікұшақ бортында үш экипаж мүшесі болған. 26 шілде күні жоғалған тікұшақтың бөлігі Сорбұлақ су қоймасының ішінен табылған еді. 

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 30 Шілде, 2025 09:41
Талқылау
`